Мизогиния

Әйел затын жақтырмау, жек көру, адам құрлы көрмеу.




Мизогинияға түрлі мысал бар: тұрмыстағы және мемлекет деңгейіндегі сексизм (әйелдің орны — асүй деген таптаурын пікір, оларға кей жұмыста істеуге тыйым салу), зорлық-зомбылық, сексуал объект ретінде көру, виктимблеймиң. 


Әйелдің өзі де өзге әйелдерді әйел болғаны үшін құрметтемеуі, жақтырмауы, жек көруі мүмкін. Бұл ішкі мизогиния деп аталады. 


Әйел затын жақтырмау еркек әйелден жоғары тұрады, әйел еркектің айтқанын орындауға міндетті деп тәрбие беретін патриархал қоғамда етек жайған. 


Мизогинияның ең сұмдық салдары — зорлық-зомбылық пен фемицид (әйелдерді өлтіру). 


БҰҰ дерегіне сенсек, Қазақстанда әр жыл сайын 400 әйел тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан көз жұмады екен. Ал күн сайын дүниежүзінде 137 әйел туысының қолынан қаза табады. 


Мизандрия деген де бар — еркек затын жақтырмау. Бірақ бұл құбылыс мизогинияға қарағанда әлдеқайда сирек кездеседі.


23/09/2021 16:57 4208 0

23/09/2021
16:57 4208 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление